Талас: Деструктивті діни ағымдар: қауіп және сақтану жолдары

Талас: Деструктивті діни ағымдар: қауіп және сақтану жолдары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінде жамағатқа деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер қаупі мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мешіт имамы Ахат Қайыпбергенұлы діни ағымдардың адам санасына әсер ету тәсілдеріне тоқталып, теріс идеологияның жетегінде кетудің адамға, отбасына және қоғамға тигізетін зардабы жөнінде айтты. Діни білімнің аздығы мен діни ақпаратты дұрыс саралай алмау адамның жалған діни ұстанымдарға бой алдыруына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты дін туралы мәліметті сенімді дереккөздерден алу, күмәнді насихаттан аулақ болу және кез келген діни ақпаратқа сын көзбен қарау қажеттігі айтылды.

Әсіресе жастардың діни сауатын арттырудың маңызы ерекше. Өйткені әлеуметтік желілер арқылы тарайтын түрлі діни мазмұндағы материалдардың барлығы бірдей дұрыс әрі сенімді бола бермейді. Жамағатқа деструктивті ағымдардың алдын алуда діни сауаттылықтың, отбасы тәрбиесінің және ұлттық құндылықтарға деген құрметтің маңызы түсіндірілді.

"Әбдірашит ата" мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: