Қордай: Бас имам «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттерімен кездесті

Қордай: Бас имам «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында білім алып жатқан шәкірттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан бас имамы шәкірттерге білім алудың маңызы мен артықшылығы, ізденістің адам өміріндегі орны жайлы насихат айтты.

Сонымен қатар Құранды дұрыс меңгеру, алған білімді амалмен ұштастыру, ұстазды құрметтеу және уақытты тиімді пайдалану жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Азамат Берікұлы шәкірттерді білім жолында табандылық танытып, Құран ілімін терең меңгеруге және алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға шақырды. Кездесу соңында шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, рухани бағыт-бағдар алды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: