Қордай: «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Қордай: «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Игі шараның негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету және қайырымдылық жасау дәстүрін дәріптеу. Акция барысында мешіт жамағатының қолдауымен 10 оқушыға мектеп сөмкелері және оқу құрал-жабдықтары табысталды. Балаларға қажетті құралдардың берілуі олардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына септігін тигізді.

Мешіт имамы Кеулимжаев Нұрмұхамед қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, жас ұрпаққа көрсетілген әрбір қолдаудың игілікті іс екенін атап өтті. Сондай-ақ демеушілік жасап, шараға атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. «Мектепке жол» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар балаларға қамқорлық көрсетіп, қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: