Қордай ауданы, Масаншы ауылында мешіт имамдарына арналған қазақ тілі курсы өткізілуде. Курс барысында имамдардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеп, жамағатпен және қоғаммен сапалы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау мақсат етілуде. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы курсқа өзі қатысып, мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығына тоқталды.
Ол қазақ тілін білу – ел бірлігін нығайтып, халықпен етене араласуға және діни насихатты жамағатқа түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар имамдарды қазақ тілін үйренуге белсенді қатысып, білімдерін тұрақты түрде жетілдіруге шақырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қазан 2026
11 Джумада-авваль 1448

