Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы іссапармен Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығына барып, жаңа оқу жылына қабылданып жатқан шәкірттермен танысты. Сапар барысында аудан бас имамы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа оқу жылына қабылданып жатқан шәкірттермен жүздесті.
Шәкірттерге білім алудың маңызы мен Құран ілімін меңгерудің артықшылығы жөнінде насихат айтты. Азамат Берікұлы шәкірттерге білім жолында табандылық танытып, ұстаздарын құрметтеуге, уақыттарын тиімді пайдаланып, Құранды терең меңгеруге шақырды.
Сонымен қатар олардың оқуына сәттілік тілеп, алдағы білім жолдарының берекелі болуына дұға жасады. Кездесу соңында аудан бас имамы шәкірттерге ақ батасын беріп, Алла Тағаладан ілімдерінің пайдалы болуын, Құранды толық меңгеріп, елге қызмет ететін ізгі азаматтар болуын тіледі.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

