Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» Сортөбе және Ауқатты ауылдарындағы мешіт имамдарының қатысуымен қазақ тілі курсы өткізілуде. Курс барысында имамдардың қазақ тіліндегі сауаттылығын арттыру, күнделікті қарым-қатынаста және діни насихат барысында мемлекеттік тілді еркін қолдануына мүмкіндік жасау мақсат етілген. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы имамдармен кездесіп, қазақ тілін меңгерудің маңызы мен пайдасы жөнінде насихат айтты.
Ол мемлекеттік тілді жетік білу – қоғаммен тығыз байланыс орнатуға, жамағатқа діни ақпаратты дұрыс әрі түсінікті жеткізуге септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар имамдарды тіл үйренуге белсенді қатысып, білімдерін үнемі жетілдіріп отыруға шақырды. Алла Тағала баршамызға жеңілдік пен береке берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

