Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус» мешітінің жанынан жамағатқа қызмет көрсететін діни дүкен ашылды. Мұнда діни атрибутикалар, иіссу, намазға арналған түрлі киімдер мен діни кітаптар сатылымға қойылған.
Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус» мешітінің жанынан жамағатқа қызмет көрсететін діни дүкен ашылды. Мұнда діни атрибутикалар, иіссу, намазға арналған түрлі киімдер мен діни кітаптар сатылымға қойылған.
Жамбыл облысының «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Маханұлы аудан және қала имамдарына арнайы семинар өткізді. Ол зекеттің қоғам мен дініміздегі орны мен маңызын түсіндіріп, оның мұсылмандар үшін парыз екенін ерекше атап өтті.
Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус» мешітінің шәкірттері Ержан Кәдірханұлы имамның ұйымдастыруымен тәжуид ережелерін толық аяқтап, Құранға түсті.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық пен мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын созу – адам баласының ізгілікке бастар жолы.
Тараз қаласының «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде 50 000 теңге көлемінде екі отбасыға азық-түлік таратылды. Игі істі мешіт имамы Ембергенов Амангелді қолға алып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын насихаттады.