ТАРАЗ: «ӘЛ-ФИРДАУС» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

ТАРАЗ: «ӘЛ-ФИРДАУС» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әл-Фирдаус» мешітінің шәкірттері Ержан Кәдірханұлы имамның ұйымдастыруымен тәжуид ережелерін толық аяқтап, Құранға түсті.

Шәкірттерге уағыз-насихат айтылып, Құран оқылып, тауассуль жасалды. Жамағат дініміз бен мемлекетіміздің қуаты артып, әр адамның отбасы мен қоғамымызға береке орнасын деп дұға тіледі. Құранға түскен шәкірттерге кітаптар сыйлыққа берілді.

Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы.

Абдуллаһ ибн Масғуд былай дейді:
«Кімде-кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Аллаһ пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде-кім Аллаһ пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгеніне қарасын».

Алла Тағала Құранға деген махаббатымызды арттырып, оны өміріміздің темірқазығы еткей!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: