ТАРАЗ: «АР-РАХМАН АР-РАХИМ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТАРАЗ: «АР-РАХМАН АР-РАХИМ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде 50 000 теңге көлемінде екі отбасыға азық-түлік таратылды. Игі істі мешіт имамы Ембергенов Амангелді қолға алып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын насихаттады.

«Өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы – Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуіміз қажет», – деді ол.

Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде:
«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», – деп баян етеді.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деп өсиет еткен.  Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көпбалалы отбасыларға, балалар үйіне, қарттар үйіне ерекше көңіл бөлейік!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: