Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын созу – адам баласының ізгілікке бастар жолы.
Осы мақсатта «Қайырымды жұма» атты ұранмен Тараз қаласының мешіттері мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетті. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, бұл игі іске атсалысқан бауырларымыз аянбай қызмет етіп, әрбір мұқтаж жанға қолдау білдірді.
Ізгі амалдарымыз қабыл болып, жүректеріміз мейірім мен жылуға толсын!



30 Январь 2026
11 Шаабан 1447

