Тараз: ЗЕКЕТ БЕРУ – ПАРЫЗ

Тараз: ЗЕКЕТ БЕРУ – ПАРЫЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Ержан Маханұлы аудан және қала имамдарына арнайы семинар өткізді. Ол зекеттің қоғам мен дініміздегі орны мен маңызын түсіндіріп, оның мұсылмандар үшін парыз екенін ерекше атап өтті.

Семинар барысында Ержан Маханұлы «Зекет» қорының жұмыс бағыттары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жоспарлармен таныстырды. Сондай-ақ, имамдарды өңірлерде «Зекет» қорын жандандыруға, халыққа оның маңыздылығын кеңінен түсіндіруге шақырды.

Жиын барысында имамдар тарапынан зекетке қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріліп, осы салада бірлесе жұмыс істеу қажеттілігі айтылды.

Зекет – мұсылманның парызы, қоғамның берекесі!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: