ТАРАЗ: «ӘУЛИЕ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТАРАЗ: «ӘУЛИЕ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық пен мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Жұма намазынан кейін Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде жамағатқа палау таратылды. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл игі шара жалғасын тауып, көптеген бауырларымыз оған атсалысуда.

Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
«Жақсы көрген нәрселеріңді (мысалы, дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баян еткен.

Жақсылық жасау – әрбір мұсылманның парызы. Ізгі амалдарымыз қабыл болып, жүрегіміз мейірім мен жылуға толсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: