Барша мұсылман үмметі сағына күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл ай – мейірім мен кешірім, сауап пен сабыр айы. Ислам дәстүріне сай, Рамазан бойы мешіттерде 20 рәкаттан тұратын тарауық намазы оқылады. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауық намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстап, тарауық намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген.


16 Қараша 2026
5 Джумада-сани 1448
