МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен «Мәуліт кеші» өтті. Мәуліт кешіне аудандағы қариялар, мешіт жамағаты және әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттері қатысып, қонақ болды. Облыстан Һибатулла Тарази орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы арнайы қонақ боп шақырылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен Байзақ ауданының бас имамы және РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келіп, ауыл имам-молдаларына семинар өткізді. Семинар арнайы мешіт қызметкерлері үшін «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық «Көкдөнен» мешітінің азаншысы Кенжехан Баушыбаевтың ұйымдастыруымен Көкдөнен ауылындағы бала-бақша бүлдіршіндеріне сый-сыяпат жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен Байзақ ауданының бас имамы және РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келді. Қанат имам аудандық мешітте жамағатқа жұма уағызын жүргізді. Уағыз-насихатқа 400 ге жуық адам жиналып, пайдалы насихат тыңдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 67 мекемесінде теолог Нұрлан Қожамқұлов пен Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында олар матуриди ақидасының негізгі тұжырымдарын баяндап, теріс ағымдардың зиянды әсерлерін түсіндірді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 59 мекемесінде Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев кездесу өткізіп, түзеу мекемесіндегі азаматтарға ханафи мазхабы бойынша намаз оқу үлгілерін үйретті. Кездесу барысында имам діннің мәні мен адамның өміріндегі рөлін атап, намаздың рухани тазалық пен сабырлықтың көзі екенін, сондай-ақ қоғаммен үйлесімді қарым-қатынас орнатудың негізі екенін түсіндірді.