ТАРАЗДА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

ТАРАЗДА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күллі мұсылман асыға күткен ұлық мереке – Ораза айт. Таң қылаң бере жамағат мешіттерге ағылып, мерекелік айт намазын оқыды.

Жамбыл облысының Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік айт намазы жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:00-де оқылды. Айтулы күнге орай мешіт ауласы безендіріліп, жамағатқа мерекелік көңіл күй сыйлау үшін арнайы дастархан жайылды.

Жамағат алдында облыстың бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, Рамазан айының ерекшелігі мен Ораза айттың маңыздылығын түсіндіріп, насихат айтты. Айт намазына жиналған жамағат бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты: «Расында, Алла сендерге ол екеуін одан жақсымен алмастырып берді: құрбандық күні және ораза айты күні» (Әбу Дәуід).

Айта кетейік, Ораза айт – күллі мұсылман қауымы үшін шүкіршілік пен мейірімділіктің, бауырмалдық пен бірліктің мерекесі. Бұл күндері әрбір мұсылман жақындарына құрмет көрсетіп, қуаныш сыйлауға тырысады.

АҚЕРКЕ БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: