#Тараз: Екі мешітке 29 Құран кітабы табысталды

#Тараз: Екі мешітке 29 Құран кітабы табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының құрметіне орай екі мешітке жалпы саны 29 дана Құран Кәрім уақф етілді. Бұл игі іске 168 200 теңге көлемінде қаражат жұмсалып, қасиетті кітаптар мешіт жамағатының игілігіне берілді.

Қайырымдылық бастаманы "Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінің имамы Амангелді Ембергенов басшылыққа алып, жамағатқа Құран оқудың маңыздылығы туралы насихат айтты.

Осындай игі істер жамағаттың рухани білімін арттырып, қасиетті Рамазан айында сауап жинауға мүмкіндік береді.

Тараз қалалық “Әулие ата” мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: