Қайырымдылық – Рамазан айының басты құндылықтарының бірі. Осындай мақсатта “Нәметбай” мешітінде 20 мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмегі ретінде азық-түлік пен қажетті заттар табысталды.
Қайырымдылық көмегін мешіт имамы Арипжан Ахметов табыстап, жиналған жамағатқа батасын берді. Жалпы, бұл шараға 400 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Тараз қалалық “Әулие ата” мешітінің баспасөз қызметі.