- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 630
#Шу: Қайырымдылық шаралары
Қайырымдылық адам баласының бойындағы асыл қасиеті. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Қайырымдылық адам баласының бойындағы асыл қасиеті. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қасиетті Шағбан айына орай рухани іс-шара өтті. Жиынның басты мақсаты — жамағатқа Рамазан айының маңыздылығын түсіндіріп, имандылыққа шақыру болды.
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): "Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез-келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі.
«Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», – деп айтқанындай, адам баласы алған білімін қанағат тұтып тоқтап қалмай, өмірбақи ізденіп, даму үстінде болуы қажет. Сол себепті де бұрынғы өткен даналардан: «Екі адам тоймайды. Бірі – дүние іздеген адам, ал екіншісі – білім іздеген адам», – деген сөз қалған.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенімен амал етіп, өзгелерді де үйретуге шақырған. "Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа).
Алла Елшісі ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін, жақсылап күтсін". "Қонақ күтпейтін жанда қайыр жоқ".
Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылы "Құдайберген " мешіті әйел-қыздар жамағаты ақ дастархан басында өздерінің қонақжайлығын көрсетіп, қонақтарды күтті.