Мұсылман үмбетіне түсірілген қасиетті осы түн туралы Құран Кәрімнің Қадір сүресінде айтылады. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айданда қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алланың әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады.
Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Алмұханбетаранжан Айтмұханұлы мешітке жиналған көпшілікке қасиетті түн жайлы уағыз насихат айтты.Бұл кеште жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең сауабы болатындығын тілге тиек етіп айтып өтті. Көпшілікке Қадір түні болатын іс-шараларды түсіндіріп, кеш бағдарламысмен таныстырды. Содан соң жамағатпен бірге құптан, тарауих намаздары оқылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі