Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық мектеп стадионында Ораза айт мерекесіне орай волейболдан жарыс турнирі ұйымдастырылды.
Аталған жарысты 1990 жылғы ауыл азаматтары Берлібайұлы Бауыржанды еске алуға арнап өткізді. Ересектер арасында өткен турнирде тартысты ойындар өрбіді. Нәтижесінде «Билікөл» мешітінің жамағаттары үздік ойын көрсетіп, жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



01 Ақпан 2026
13 Шаабан 1447

