Алла Тағала Қадір түнін басқа түндермен салыстырғанда ерекшелеп, оның дәрежесін көтерген. Бұл түнде Жаратушы Иенің пенделеріне берер сыйы да мол. Раббымыз пендесіне басқа түндерде бермеген ризық-несібесін осы түнде үлестіреді.
Қордай ауданы, Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Омаров Өмірсерік пен Қордай ауылы «Рахман» мешітінің имамы Кеулімжаев Нұрмұхамед Қадір түніне орай жиналған көпшілікке уағыз-насихат айтты. Мешіт жамағатына бұл түннің ерекшеліктерін және бұл түнді қалай өткізу керектігін түсіндірді. Ибн Аббастан (р.а) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінен, қалған тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер»,- деген риуаят бар.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі