Көктем мезгілі, жаңару мен жаңғыру уақытына сай келетін ұлттық мейрам ол - "Әз-Наурыз". Аудандық "Қордай" мешітінің асханасында, ауызашар уақытында, қазақтың ұлттық тағамы - наурыз көже берілді.
Көктем мезгілі, жаңару мен жаңғыру уақытына сай келетін ұлттық мейрам ол - "Әз-Наурыз". Аудандық "Қордай" мешітінің асханасында, ауызашар уақытында, қазақтың ұлттық тағамы - наурыз көже берілді.
Асыл дініміз әрбір мұсылманға өзіне жүктелген құлшылық амалдарды орындаумен қатар, қоғамға пайда келтіретін, ізгі істер жасауды бұйырады.
«Ұлттық спорт күні» мейрамы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған. Қордай ауданында осы күнге орай ұйымдастырылған жарысқа "Қордай" құран қариларын дайындау орталығынан төрт топ қатысты.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында жамағат мешіт имамы Нұртуған Умирзаковпен бірге Қадір түнін күтті.
«Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады»,– деп Алланың елшісі(оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) жақсылыққа ұмтылуға шақырған. Қордай ауданы, Қарасу ауылы "Алхади" мешітінде Қадір түніне үлкен ауызшар өтті.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмуханбетаранжан Айтмуханұлы Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітінде жұма жүргізді. Жиналған мешіт жамағатына «Әдет-ғұрыптың дініміздегі орны» атты тақырыпта уағыз-насихат айтты.