Бүгін Жуалы ауданы бойынша барлық мешіттерде Ораза айт намазы оқылып, мұсылман қауымы ұлық мейрамды бірлікпен қарсы алды.
Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде өткен айт намазына Жуалы ауданының бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.
– Алла Тағала жиырма тоғыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! – деді аудан бас имамы.
Сондай-ақ Ғалымжан Қабылбекұлы Ораза айт мерекесін сауапты амалдармен өткізуге, ағайын-туыс пен жақындарға ізгі тілек білдіріп, қуаныш сыйлауға үндеді. Айт намазынан кейін жамағатпен бірге Құран бағышталып, бата жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



23 Маусым 2026
7 Мухаррам 1448

