- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 462
МЕРКІ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан «Дәстүрлі Ислам діні» тақырыбында жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан «Дәстүрлі Ислам діні» тақырыбында жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құран Кәрімнің 2 парасын жаттаған Инаркеев Абдулла атты бүлдіршінге сыйлық табысталды. Имандылық дәрістерін бойға сіңірген 10 жасар «Жәми» мешітінің шәкірттіне мешіт жамағаты велосипед тарту етті.
«Тоғай» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев мешіт жамағатымен кездесіп, дастархан басында уағыз-насихат айтты.
Ақтөбе ауылының ақсақалдарының бастамасымен Тәуелсіздік күніне орай жамағат «Жылғабек» мешітінде ақ дастарханда бас қосты. Ас алдында Құран оқылып, ақсақалды қарияларымыз батасын берді.
«Жәми» мешітінде шәкірттер арасында Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінен сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Қатысушылар Алла елшісінің (с.ғ.с) өміріні жайында сауалдарға жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті.
«Жәми» мешітіне қарасты орыс тілді әйел-қыздар жамағатына сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірін, сөзі мен ізгі амалдары насихат етілді. Жамағат дастархан басында бас қосып, терең мағыналы әңгімелер тыңдап, тағылымды уағыздардан сусындады.