Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, ол егістіктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі», – деген.
Бұл хадисте ағаш отырғызу мен егін егудің тек дүние тіршілігі үшін емес, ақырет үшін де сауапты іс екені баяндалады. Сондықтан диқаншылық, көгалдандыру, тал егу, гүл отырғызу, оған күтім жасау – құлшылықтың бір түрі.
Осы орайда Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер-2» мешітінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары өтті. Игі істі мешіттің имамы Таубалды Данияр Сәрсенбекұлы ұйымдастырып, ауыл жамағаты белсенділік танытты.
Жүргізілген игі амалдар Алла разылығы үшін қабыл болғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі