Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жамағатқа «Суицидтің алдын алу» тақырыбында уағыз-насихат жасады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жамағатқа «Суицидтің алдын алу» тақырыбында уағыз-насихат жасады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Серікәліұлы ауданға қарасты 20 шақты мешіттің имамдарын алғыс хатпен марапаттады. Қасиетті Рамазан айында қылған қызметтерін бағалап және осы кезге дейін асыл діннің дамуына үлес қосқан ауыл молдаларын жинап, арнайы кездесіп, алғыс айтып, имамдарды риза қылды.
Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Абилов Ансар жағдайы төмен үш отбасына азық-түлік таратып берді. Қайырымдылық мақсатта таратылған азық- түліктің сомасы 114000 теңгені құрайды.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырып, Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің молдасы Керимов Айтжан мешіт ауласына тал көшеттерін отырғызды. Тал егу – игі дәстүр. Осы қағидағаларға сүйенген ата-бабаларымыз көктемді ең алдымен ағаш отырғызудан бастаған.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінде: «Сендерді бір-бірлеріңді танысын деп ұлттар мен руларға бөлдік» деп баяндайды. Бұл — әр ұлттың өзіндік болмысын, ерекшелігін қадірлеуге шақырған Жаратушы әмірі. Қазақ халқының рухани келбетін айқындайтын ең асыл қасиеттер — қонақжайлылық, жанашырлық пен жомарттық екені даусыз.
Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің молдасы Қуаныш Исмаилов қайырымдылық мақсатта аз қамтылған бес отбасыға азық-түлік таратты. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ.