ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда қоғамдағы тәрбиенің рөлі ерекше маңызды. Тәрбие – бесіктегі баладан бастап, еңкейген қарияға дейін қажет. Өйткені, тәрбиесі бар адам ғана адамдық қасиетті бойына сіңіріп, өмірдегі орнын таба алады.

Осы орайда Қордай аудандық «Қордай» мешітінде әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен аудандық әжелер алқасымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Қордай», «Рахман», «Құдайберген» мешіттерінің әжелер алқасы мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты тақырып: "Қызға қырық үйден тыйым салатын әжелер мектебін күшейту". Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында аудан ұстаздары – Эльмира Аманқожақызы, Айгүл Жолдасқызы, Жұлдыз Жұмабайқызы және Малика Аханқызы мазмұнды мәліметтермен бөлісті.

Кездесуде қоғамдағы қыз, ана, ене, апа, әже рөлдері айқындалып, көркем мәміле мен өнегелі өмір сүру жолдары талқыланды. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Жиын соңында әжелер жылы лебізін білдіріп, ақ баталарын берді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: