ҚОРДАЙ: «АЛ-ХАДИ» МЕШІТІНДЕ ГҮЛ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚОРДАЙ: «АЛ-ХАДИ» МЕШІТІНДЕ ГҮЛ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – адамзатты Аллаға иман келтіріп, сол иман негізінде ізгі амал жасауға үндейтін асыл дін. Осы ретте қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір мұсылманның мойнындағы міндет. Табиғаттың тазалығы – тіршіліктің тынысы, ал оны қорғау – иманның белгісі.

Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Ал-Хади» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Игі шара мешіт имамы Жапеков Русланбек Сағынұлының бастамасымен және тікелей қатысуымен өтті.

Мешіт аумағын көркейтуге жамағат белсене атсалысып, қолдарынан келгенше аянбай еңбек етті. Алланың үйін абаттандыру – сауапты іс. Жүректерге жылылық сыйлап, көз сүйсінтер көрініс қалыптастырған жамағатқа Алла разы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: