Қасиетті Құранда адам баласы «Алланың жер бетіндегі халифасы» деп аталады. Бұл – адамзатқа табиғатты аялау, тазалықты сақтау, қоршаған ортаға қамқор болу секілді үлкен жауапкершілік жүктелгенін білдіреді.
Осы мақсатта Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде көктемгі тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Мешіт имамы Саламат Салимұлының бастамасымен өткен сенбілікке ауыл тұрғындары белсене атсалысып, мешіт ауласы мен айналасы абаттандырылды.
«Тазалық – иманның жартысы» екенін жамағат бірлесе іспен дәлелдеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі