ҚОРДАЙ: «ҰЛАН» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

ҚОРДАЙ: «ҰЛАН» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір мұсылманның әрі азаматтың борышы. Бұл – Ислам діні дәріптейтін құндылықтардың бірі.

Осы мақсатта Қордай ауданы, Военсовхоз ауылындағы «Ұлан» мешітінде көктемгі сенбілік ұйымдастырылды. Мешіт ауласы тазартылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Ауыл жамағаты игі іске белсенді атсалысып, жұмыла жұмыс жасады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сауаптан үміт еткен жандардың ниеттері қабыл, мұраттары асыл болғай!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: