ҚОРДАЙ: «БЕТҚАЙНАР» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ҚОРДАЙ: «БЕТҚАЙНАР» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні адамның Жаратушыға деген жауапкершілігімен қатар, қоршаған ортаға, табиғатқа деген міндеттерін де айқындайды. Жаратқан Иесін таныған жан ешқашан өзгеге де, табиғатқа да зиян тигізбейді.

Осы ұстанымды берік ұстанған Қордай ауданы, Бетқайнар ауылындағы «Бетқайнар» мешітінде көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Игі істі мешіт имамы Жиенбаев Нұрлан Нұрмаханұлы бастап, жамағаттың қолдауымен мешіт ауласына жиырма түп раушан гүлдері отырғызылды.

Табиғатты көркейтуге үлес қосқан барша жамағатқа Алланың нұры жаусын!

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: