Алла Тағала қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінде: «Сендерді бір-бірлеріңді танысын деп ұлттар мен руларға бөлдік» деп баяндайды. Бұл — әр ұлттың өзіндік болмысын, ерекшелігін қадірлеуге шақырған Жаратушы әмірі. Қазақ халқының рухани келбетін айқындайтын ең асыл қасиеттер — қонақжайлылық, жанашырлық пен жомарттық екені даусыз.
Осы ұлттық болмыс пен дәстүрдің қадірін жас ұрпаққа ұлағаттау мақсатында Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаевтың бастамасымен ауыл тұрғындары игі шара ұйымдастырды. Ақ дастархан жайылып, ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүріміз дәріптелді. Қуаныш пен күлкіге толы бұл күн – елді бірлікке, бауырмалдыққа үндеген рухани мерекеге айналды.
Бабалардан жеткен байтақ мұра осындай өнегелі істер арқылы ұрпақ санасына сіңіп, ел рухын биіктетпек.
Жайна Бекназарова
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің баспасөз қызметі