ЖАМБЫЛ: АЗЫҚ- ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ: АЗЫҚ- ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Абилов Ансар жағдайы төмен үш отбасына азық-түлік таратып берді. Қайырымдылық мақсатта таратылған азық- түліктің сомасы 114000 теңгені құрайды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.

Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Жанашырлық- қазақы танымдағы қайырымды қоғам. Міне, бізге осындай қоғам қажет. Оны құру өз қолымызда.

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: