Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Қасымбай ата» мешітінің имамы, АТТ мүшесі Нұрқияс Әбілдаев және теолог Саян Қырықбаев мектеп жастарымен кездесіп, діни радикализмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Қасымбай ата» мешітінің имамы, АТТ мүшесі Нұрқияс Әбілдаев және теолог Саян Қырықбаев мектеп жастарымен кездесіп, діни радикализмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имамдарының атқарған жұмыстарының бір жылдық есебін алды.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы дінге, елге аянбай қызмет қылған ауыл имамдарының ішінен үздіктерді алғыс хатпен марапаттады.
Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлы мектеп жастарымен «Ізгі қоғам - өзіңнен басталады» тақырыбында кездесу жасады. Жиынға жастармен бірге ауыл ақсақалы, мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі және мұғалімдер қатысты. Кездесуде ауыл имамы әдеп-ахлақ, тәртіп-тәрбие жөнінде кеңінен баяндап, өмірден мысалдар келтірді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітіне су ішетін құрылғы сыйға тарту етілді. Аталған мешіттің имамы Талғат Таукеев сыйлықты қабыл алып, жаны жомарт жандарға алғысын айтып, батасын беріп, Алланың разылығын тіледі.
Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық «Билікөл» мешітінде асхана құрылысы жүргізілуде. Ауыл имамы Орынбасарұлы Қуаныш асханаға қажетті құрылыс құралдарын алғызды. Жергілікті жамағаттың көмегімен асхананың іргетасы нығайып, қыштары қалануда.