#Т.РЫСҚҰЛОВ: «СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жамағатқа «Суицидтің алдын алу» тақырыбында уағыз-насихат жасады.

 Қуаныш имам уағызында: «бүгінгі таңда елімізде кісі өлтіруден гөрі өз-өзіне қол жұмсайтындар саны әлдеқайда көбейіп баратын сияқты көрінеді. Себебі, еліміздегі өлімнің көпшілігі жасырын белгісіз, түсініксіз хәлде орын алғандығы жиі айтылады.

Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды екен. Ал, жыл сайын мұның саны 1 миллионға жетеді. Сондай-ақ, шамамен 20 миллиондай адам өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне барады. Солардың ішінде 8 мыңы – қазақстандықтар үлесінде, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысады деген сөз. Бір қарағанда, аз болғанымен, жиырма миллион халқы бар ел үшін өте үлкен көрсеткіш,- деп, өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр күнә екендігін айтып, сақтандырды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: