#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУДАН ӘКІМІ ИМАМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУДАН ӘКІМІ ИМАМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Серікәліұлы ауданға қарасты 20 шақты мешіттің имамдарын алғыс хатпен марапаттады. Қасиетті Рамазан айында қылған қызметтерін бағалап және осы кезге дейін асыл діннің дамуына үлес қосқан ауыл молдаларын жинап, арнайы кездесіп,  алғыс айтып, имамдарды риза қылды.

Аудан әкімі алғыс хатта: «Ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастырып, құмыр кешуге үндейді. Аудан халқының игілігі үшін рухани шаралар мен игілікті жобалар ұйымдастырып, асыл дініміздің жандануына қосып келе жатқан ерекше үлесіңіз үшін алғыс білдіремін!»,- деп, жазды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: