ЖАМБЫЛ: БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК!

ЖАМБЫЛ: БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырып, Бесағаш ауылы  «Бесағаш» мешітінің молдасы Керимов Айтжан мешіт ауласына тал көшеттерін отырғызды. Тал егу – игі дәстүр. Осы қағидағаларға сүйенген ата-бабаларымыз көктемді ең алдымен ағаш отырғызудан бастаған.

«Ғұрпың – ғұмырың» дейді ғой дана қазақ, салт- ғұрпымызды сақтаған мешіт қызметкері биыл алты шырша, екі шынар ағашын екті. Иә, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты амал.

 
Жайна Бекназарова
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: