Шу қаласының «Кәрібай молда» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай ұстаз Ғалия Байториеваның бастамасымен өткен “Пайғамбарымыз (с.а.с) кішкентай үмметтері” атты салауат айту марафонының қорытындысымен марапаттау рәсімі өтті.
Марафон аясында жасөспірімдер мен балалар пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) арналған салауаттарды жатқа айтып, діни сауаттылықтарын арттырып, рухани тәрбие алды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың жүрегіне имандылық дәнін себу, пайғамбарға (с.а.с) деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Марафон соңында үздік қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар және ақшалай сый-сияпаттар табысталды. Ұстаз ханым жас шәкірттерді марапаттап, олардың ынтасы мен ықыласына ризашылығын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.