#Шу: “Рамазан рухани азық” марафоны мәресіне жетті

#Шу: “Рамазан рухани азық” марафоны мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінде Рамазан айына орай ұйымдастырылған «Рамазан рухани азық» атты марафон сәтті аяқталып, қатысушылар марапатталды. Бұл игі бастамаға мешіт ұстазы Ғалия Байториева жетекшілік етті.

Марафон аясында әйел жамағаты бір ай бойы — 30 күн үзбей — рухани тапсырмаларды орындап, діни білімдерін тереңдетті. Қасиетті айдың әр күнін тиімді өткізуге тырысқан шәкірттердің талпынысы мен табандылығы көпшілікті қуантты.

Іс-шара соңында марафонға белсенділерді арнайы марапаттармен және естелік сыйлықтармен құрметтелді. Сонымен қатар, оларға арналып ақ дастархан жайылып, берекелі отырыс ұйымдастырылды.

Ғалия ұстаз аяулы аналарға жүрекжарды тілегін айтып, оларды алда да осындай рухани істерге белсенді болуға шақырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: