ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР

ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шоқай ауылы «Уәли Қалпе» мешітінің молдасы Ержан Сапарбеков мешітке келген жамағатқа "Дін мен дәстүр" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Құранда бұл жөнінде:«Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал» («Ағраф» сүресі, 199-аят.) деп келеді. Қазақ салтында, әрине, Исламнан алдыңғы әдет-ғұрыптар да бар. Осы әдет-ғұрып, дәстүр деген сөздердің өзі діни терминдермен араб тілінен енген. Осының өзі біздің салт-дәстүріміздің негізгі бөлігі Ислам салты екеніне үлкен дәлел. Ата-бабамыздың салтында қалыптасқан көптеген дәстүрлердің көбі негізі Ислам мәдениетімен кірді. Мысалы қазақта біреу әңгіме айтып тұрып түшкірсе «Айтқаны рас екен» деген әдет бар. Бұл Пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде былай деп келтірілген: «Бір сөз айтылып жатқан кезде біреу түшкіріп қалса, сол сөз ең дұрыс сөз болғаны».

Ислам қазақ даласына кеше ғана келген жоқ. Ислам діні он екі ғасырдан астам уақыт ата-бабаларымыздың қанымен, халқымыздың бойына, салт-дәстүріне сіңді. Сондықтан да, Ислам дінін – діңгек етіп ұстанғымыз келсе – салт-дәстүрімізді сақтауымыз қажет.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: