ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылдық округі «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермұхамет Байсүгір, Жас өркен ауылындағы заставада қызмет етіп жатқан сарбаздармен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбын қозғады. Имам Ермұхамет Байсүгір экстремизм мен терроризмнің, оның ішінде діни экстремизмнің қарқынды таралуының жаһандық сипатын, жастардың деструктивті қозғалыстарға тартылуының өсуін және бұл үшін қаскөйлердің әлеуметтік желіні белсенді пайдалануын атап өтті.

Ол сарбаздарға діни-экстремистік ағымдардың негізгі белгілері, олардың идеяларын тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Имам әртүрлі радикалды қозғалыстар мен бірлестіктердің қызметі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретініне баса назар аударып, іс-шара барысында сарбаздардың қызықтырған сұрақтарына тұщымды  жауаптады.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: