#Шу: Отбасы құндылықтары мен дін туралы уағыз айтылды

#Шу: Отбасы құндылықтары мен дін туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Шатыркүл кенші мекемесіне арнайы барып, мекеме қызметкерлерімен дастархан басында кездесу өткізді. Кездесу барысында имам асыл дініміз – Ислам туралы терең әрі әсерлі уағыз айтып, отбасы құндылықтарының маңызына ерекше тоқталды.

Уағыз-насихат барысында бас имам отбасының берекесі, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі секілді мәселелерді тілге тиек етіп, дініміздегі отбасылық татулықтың үлгісін жамағатқа түсіндіріп берді. Сондай-ақ адал еңбек пен адамгершілік туралы ой қозғап, жұмыс орнында да рухани тәрбие маңызды екенін атап өтті.

Кеншілер бұл кездесуді жылы қабылдап, рухани әсермен тарқасты. Мұндай шаралар дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың жарқын көрінісі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: