Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылындағы «Күнту баба» мешітінде Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған «Рамазан рухани азық» атты марафон өз мәресіне жетті. Бұл ізгі іс-шараға мешіт ұстазы Ғалия Байториева демеушілік етті.
Марафон 30 күн бойы үздіксіз жүргізіліп, әйел-қыздар жамағаты күн сайын діни тапсырмаларды орындап, имандылық пен руханиятқа жақындай түсті. Мақсаты – шәкірттердің рухани білімін арттырып, Рамазанның мән-мағынасын терең түсінуге ықпал ету болды.
Марапаттау рәсімінде марафонға белсенді қатысып, бір күн де қалдырмай қатысқан шәкірттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ұстаз аруларға алғысын білдіріп, олардың болашақта да осындай рухани шараларға белсенді қатысатынына сенім білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.