МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуалы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде діни сауат ашу курстары үздіксіз жүргізілуде. Мешіт ұстазы Смағамбетова Клара Диханбайқызының бастамасымен дүйсенбі-жұма күндері аралығында арнайы дәрістер өтеді. Сабақ барысында Құран әліппесі, тәжуид, құлшылық негіздері (ақида, фиқһ), сира сынды пәндер оқытылып, шәкірттерге жан-жақты діни білім берілуде.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қаратау қаласындағы “Спорт кешені” залында Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдығына орай имамдар арасында кіші футболдан ашық турнир өтті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Бараат кешіне орай тағылымды шара өтті. Мешіт ұстазы Смағанбетова Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен шәкірттер Құран хатымын оқып, дұға жасап, артынша ақ дастархан жайылды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай, дін саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, асыл дініміздің көркеюіне сүбелі үлес қосқан Жуалы ауданының имамдары марапатталды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында сауапты іс жасалды. 1992 жылғы азаматтар, соның ішінде кәсіпкер Бақтияр бауырымыз медицина саласында қызмет атқарып жүрген ауыл тұрғынына үлкен қолдау көрсетті. Ол өзі жалға тұрып жатқан үйді сатып алып, пәтер кілтін табыстап, зор қайырымдылық жасады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуалы ауданы, Күреңбел ауылдық мешітінде игі іс атқарылды. Мешіттің молдасы Әскертайұлы Рамазанның ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен мұқтаж отбасыға азық-түлік табысталды.