Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Алла Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Айт күнінің негізгі ерекшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.


22 Қыркүйек 2026
9 Раби-сани 1448
