Меркі: Қасапшыларға сертификат табысталды

Меркі: Қасапшыларға сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Халал даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі «ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» Халал стандарты бойынша «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты оқу семнарын тәмамдаған ауыл имамдары мен жамағатқа сертификат табысталды.

Іс – шара барысында «Халал даму» ұйымының Жамбыл облысы бойынша жауапты технолог маманы Абылайхан Ғабитұлы малды адал  союдың шариғат бойынша жасалынатын тәртіптерін түсіндіріп, ауыл имамдары мен қасапшылардың сұрақтарына кеңінен жауап беріп, малды бауыздау рәсімінің шариғатымызда алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін, халық үшін жасалатын игі қызмет екендігін түсіндірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: