Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданы имамдарына Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумында қабылданған екі құжатты таныстырды.
VІ Республикалық имамдар форумында «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы», «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» тұғырнамасы құжаттары қаралып, қабылданған еді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі