Меркі: Имамдар жиналыста бас қосты

Меркі: Имамдар жиналыста бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті құрбан айт қарсаңында Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы аудан-ауыл имамдарына жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында бас имам құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарымен танысып, ауыл имамдарына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу және қаупісіздік-тазалық шаралары, қасапшылар даярлау және оларға түсіндірме семинар ұйымдастыру, құрбандық малының жарамдылығы мен бағасын анықтау секілді мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді. Сонымен қатар, мешіттің ішкі, сыртқы тазалығы, мешіт ауласының, дәретханасының және асхананың тазалығына мұқият болуды тапсырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: