ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, Меркі ауданындағы «Жақсымбет ата» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдырәлі Жақсымбетұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолынан арнайы мерекелік медальмен марапатталды.
Қыдырәлі Жақсымбетұлы – 33 жылдан бері мешіт қызметінде табандылықпен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі имам. Өз ісіне адалдығы, жамағатпен тығыз қарым-қатынасы, ел ішіндегі рухани тәрбиеге қосқан үлесі жоғары бағаланып, лайықты марапатқа ие болды.
Бұл марапат – дін қызметкерінің ел игілігі үшін жасаған ұзақ жылдық еңбегінің айқын көрінісі. ҚМДБ тарапынан көрсетілген бұл құрмет имамдарға деген сенім мен қолдаудың нақты үлгісі болды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

