ШУ АУДАНЫНДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ШУ АУДАНЫНДА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали Шу ауданына арнайы іссапармен барып, аудан имамдарына арналған пәтуа сағатын өткізді.

Шара Шу ауданына қарасты Төле би мешітінде ұйымдастырылды. Басқосуда діни мәселелерге қатысты шариғи үкімдер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдары кеңінен түсіндірілді. Ұстаз Әбдіқадір Сейтқали имамдарға күнделікті кездесетін діни сауалдар бойынша нақты әрі ғылыми дәлелдермен жауап беріп, ҚМДБ бекіткен пәтуаларды негізге ала отырып кеңес берді.

Сондай-ақ, ұстаз пәтуа беру әдебі, діни мәтіндерді дұрыс түсіну, мәзһаб ұстанымын сақтау сынды маңызды мәселелерге тоқталып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аталған жиын — дін қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, пәтуа мәселесінде бірізділік пен нақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: